Welcome to SIA
Приглашаем вас познакомиться с миром социального предпринимательства или вывести свой социальный проект на новый уровень в рамках конкурса Social Impact Award.
Дополнительные Ссылки SIA
Опыт Сообщества
-
Программа длилась около четырёх месяцев, три из которых были посвящены обучению различным навыкам построения бизнеса. Каждому куратору закрепили по два участника, и такой формат работы помог глубже погрузиться в развитие собственных проектов. Помимо обучения в акселераторе, мы сразу применяли полученные знания на практике — в своих проектах.
Я благодарен этому проекту за ценный опыт, знания и воспоминания, которые останутся со мной надолго.
Finalist Амиров Адлет Казахстанский социальный предприниматель и основатель инклюзивных кофеен. Инклюзивная кофейня -
Жалпы, мен SIA бағдарламасына 2022 жылы қатыстым. Мен үшін ең өзекті әрі ең әсерлі кезең — инкубациялық кезең болды. Осы жоба арқылы мен жобаны қалай жасау керектігін, кәсіби деңгейде қандай нәрселерге мән беру қажет екенін, жобаның кезеңдерін, презентация жасауды, жобаны қорғауды, қаржылық модель құруды — барлығын жүйелі түрде үйрендім. Бұл мен үшін жаңа әрі өте маңызды тәжірибе болды.
Ең бастысы, SIA мені Гүлмира Пармышева секілді мықты әлеуметтік кәсіпкермен таныстырды. Сол жобада менің менторым Гүлмира Пармышева болды. Қазірдің өзінде біз байланыстамыз. Жалпы, осы жобадан кейін мен жүйелі түрде команда құруды үйрендім.
Жоба қорғау күні менің әкем дүниеден өтті. Соған қарамастан, жобаның жетекшісі болғандықтан, қорғауға өзім шықтым. Әлі күнге дейін айтамын: SIA — менің өмірімде жаңа бір кезеңнің басталуына, жаңа шешімдер қабылдауыма әсер еткен жоба. Себебі 2022 жылдың 30 қыркүйегінде Алматы қаласында жоба қорғауға дайындалып жүрген сәтімізде «Әкем қайтты» деген хабар келді. Соған қарамастан біз жобаны соңына дейін қорғадық.
Сол кезде «Бұл жобаға не үшін келдім?», «Неге әкемнің жаназасына қатыса алмадым?», «Неге үздік үштікке емес, тек бестікке кірдім?» деген ойлармен өз-өзіммен қалып кеткен сәттер болды. Бірақ уақыт өте келе түсінгенім — ең үлкен әрі сапалы жобаларды жасауды үйренуіме дәл осы SIA-дан алған тәжірибе себеп болды.
SIA ұжымына және жобаға үлкен алғысымды білдіремін!